
Qostanai_tany
February 28, 2025 at 04:35 AM
Қаржылық мониторинг агенттігі, Бас прокуратураның үйлестіруімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағына іздеуде болған Т.Х. Садвакасов жеткізілді. Бұл туралы ҚР ҚМА Баспасөз қызметі хабарлайды.
Естеріңізге салсақ, ол алаяқтық жасап лауазымды тұлғаларға аса ірі көлемде пара беруге үгіттегені үшін күдікке ілінген.
2023 жылдың шілде айында Т.Х. Садвакасовпен адвокат С.Н. Курманбаев өздерінің лауазымды тұлғалар арасындағы байланыстарын пайдаланып, В.И.Долгалев бизнес серіктестеріне қатысты алдын ала тергеу жүргізу мәселесін шешуді ұсынған.
Бұл мәселені шешу үшін Т.Х. Садвакасовпен С.Н.Курманбаевқа 225 миллион теңге көлемінде заңсыз сыйақы беру туралы келісім жасалған.
Алайда, ұсынылған параның бірінші бөлігін 90 миллион теңгені алған соң, олар бұл қаражатты жымқырып, өз міндеттемелерін орындамаған.
Кейіннен, Т.Х. Садвакасов жауапкершіліктен қашып, соттан жасырынған.
Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен соң, ол Өзбекстан Республикасының Шекара қызметі тарапынан ұсталып, оған заңсыз кіргені үшін қылмыстық іс қозғалды.
25 ақпан күні Түркістан облысындағы «Қапланбек» бақылау-өткізупунктінде Т.Х.Садвакасов Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлеріне тапсырылып, Шымкент қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.
Жақын арада ол Павлодар қаласының тергеу изоляторынажеткізіледі.
Істің ары қарай қаралуы Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында жүзеге асырылады.