
Тіл кеспек жоқ
February 12, 2025 at 05:35 AM
‼️ *Астанада жасөспірім лифтідегі баланың бетін пышақпан тілгілеп тастады*
Бұл туралы Астана полициясы хабарлады.
«Оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрған кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген хабарламада.
Жарақат алған бала Астана қаласындағы №2 қалалық ауруханаға жеткізілген.
«Бала тексерілді, ота жасалды, хирургтар қанды тоқтату үшін тамырларды байлады. Баланың жалпы жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалайды. Отадан кейінгі жағдайы тұрақты», — деп хабарлады Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
🔗 Сілтеме: https://t.me/tilkespekjoq/14161