
Тіл кеспек жоқ
121 subscribers
About Тіл кеспек жоқ
Либерал қазақ арнасы Жаңалық ұсыну @nazerkenb YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq outube.com/@tilkespekjoq
Similar Channels
Swipe to see more
Posts

Сауд Арабиясында АҚШ пен Ресей делегациясының Украинадағы соғыс бойынша келіссөзі өтіп жатыр. Бұл жиынға Еуроодақ өкілдері шақырылмады. Келіссөзге Украина тарабы да қатыспайды. «Украина Украинасыз өткен кез келген келіссөзді мойындамайды», — деген Украина президенті Владимир Зеленский. Айта кетейік, АҚШ президентінің Украина жөніндегі арнайы уәкілі Кит Келлог «Украина келіссөзге қатысады» деп мәлімдеген. АҚШ тарабы Украинаның келіссөзге қатыспауын «жеке-жеке кездесеміз» деп түсіндірген. 🔗 Сілтеме: https://t.me/tilkespekjoq/14213

⚡️ *«Шерзатты Полатты өлтірді» деп айыпталған күдіктілердің ұялы телефоны мен «Алиса» құрылғысы тәркіленді* Бұл туралы адвокат Ерлан Адаев айтты. Ол видеоны көргеннен кейін ішкі істер министрлігіне сұрау салған. «Іске қатысы бар лауазымды тұлғалардың бәрі анықталды. Олар тәртіптік комиссия шешімімен жазаға тартылады. Тергеу изоляторында қолданылған заңсыз заттардың бәрі — мобильді телефон, колонка тәркіленді. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелді», — дейді ол. Естеріңізге сала кетейік, желіде «16 жасар Шерзат Полатты өлтірді» деп айыпталған күдіктілердің тергеу изоляторында туған күн тойлаған видеосы тараған. 🔗 Сілтеме: https://t.me/tilkespekjoq/14211

‼️ *Сауд Арабиясындағы келіссөз қалай өтті?* • Ресей мен АҚШ дипломатиялық миссияны қалпына келтіріп, елшілерді қайта тағайындауға келіскен. • Украинадағы соғыс реттелген жағдайда Ресейге салынған санкциялар алып тасталуы мүмкін. • Кездесуде Трамп пен Путин кездесуі де талқыланды. Бірақ президенттер нақты қай күні кездесетіні белгісіз. 🔗 Сілтеме: https://t.me/tilkespekjoq/14218

👀 Мына видео есіңізде ме? Осы видеоға қатысты 16 қызметкер жауапқа тартылды. Ең қызығы — видеоны түрме қызметкері түсірген екен. Ол атағынан айырылып, жұмыстан қуылды. Жалпы 16 қызметкер жазаланған. Ішінде жұмыстан қуылғандар да бар. Уақытша ұстау изолятор басшысы да жазаға тартылды. 🔗 Сілтеме: https://t.me/tilkespekjoq/14216

⚡️ *Лифтіде жарақат алған 5 жасар бала ауруханадан шығарылады* Бұл туралы №2 қалалық балалар ауруханасының директорының орынбасары Медет Нұғманов айтты. «Баланың жалпы жағдайы жақсы, шағымдар жоқ. Қабыну белгілері жоқ. Сондықтан ертең баланы ауруханадан шығарамыз деп жоспарлап отырмыз», — деді дәрігер. Айта кетейік, баланың бетін пышақпен тілгілеген жасөспірімнің анасына айыппұл салынды. 🔗 Сілтеме: https://t.me/tilkespekjoq/14208

‼️ *Алматыда қойма өртеніп жатыр* Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Өтеген батыр көшесінің бойындағы қойма өртеніп жатыр. Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп жатыр», — делінген хабарламада. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. 🔗 Сілтеме: https://t.me/tilkespekjoq/14217

🤔 Ақтау маңындағы ұшақ апатының қорытынды есебі 2025 жылғы желтоқсанға дейін дайын болады екен. Бұл туралы Талғат Ластаев айтты. Ол «Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарты бойынша тергеуге бір жыл уақыт беріледі» деді. Айта кетейік, 4 ақпанда Қазақстан Ақтаудағы ұшақ апатының алдын ала қорытындысын жариялаған. Ол жақта нақты ешнәрсе жазылмаған. 🔗 Сілтеме: https://t.me/tilkespekjoq/14222

👀 *Перизат Қайраттың анасы да алаяқтық жасады деген күдікке ілінді* Бұл туралы қаржылық мониториң агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты. «Перизат Қайраттың анасы Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс тіркелді. Бірақ әзірге айып тағылған жоқ», — деді ол. Перизат Қайрат «мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығына жиналған 22 миллион теңгені жымқырды» деген күдікке ілінген. Оған бұрын «Палестинаға көмек ретінде жиналған қаражат пен су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған ақшаны жеді» деген айыптар тағылған. Перизат Қайраттың анасы бұл қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектескен көрінеді. Қылмыстық істі тергеу наурызда аяқталады. Кейін сот болады. 🔗 Сілтеме: https://t.me/tilkespekjoq/14219

‼️ 2010 жылдан бері «Қазақмысқа» қарасты кеніштерде 64 адам қаза болған. Естеріңізге сала кетейік, «Қазақмыс» компаниясы олигархтар Владимир Ким мен Эдуард Огайға тиесілі. 🔗 Сілтеме: https://t.me/tilkespekjoq/14209

‼️ *Кеніштегі апатқа байланысты комисия құрылып, қылмыстық іс қозғалды* Қазақстан үкіметі «Жомарт» кенішіндегі апатқа байланысты арнайы комиссия құрды. Комиссияны премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады. Бұл комиссия апат себебін анықтап, зардап шеккендерге көмек көрсетеді. Кеніштегі апатқа байланысты қылмыстық іс те қозғалды. 🔗 Сілтеме: https://t.me/tilkespekjoq/14207