Тіл кеспек жоқ
Тіл кеспек жоқ
February 13, 2025 at 07:09 AM
‼️ *Темірлан Еңсебек ісі бойынша сот отырысынан ақпарат тарататын журналистерді аккредитиациядан өткізбей жатыр* Ертең QazNews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебек ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтеді. Осы сот отырысынан ақпарат тарататын журналистер судья аккредитиациядан өткізбей жатқанын жазды. «Мен әрдайым судья хатшыларына алдын ала хат жазамын. Мұндай жағдайларда сол күні жауап беретін. Бірақ бұл жолы олай болмады. Кешеден бері тыныштық», — деп жазды журналист Данияр Молдабеков. Данияр Молдабеков бұл жағдай туралы жазған жалғыз журналист емес. Журналист Сұлтан Темірхан да осы туралы жазды. «Маған әлі ешкім жауап берген жоқ! Бұлай болмауы керек. Темірланның соты бақылаушылардың қатысуынсыз өтіп кетуі мүмкін», — деп жазды ол. Естеріңізге сала кетейік, Темірлан Еңсебек ісі бойынша сот отырысы онлайн өтеді. 🔗 Сілтеме: https://t.me/tilkespekjoq/14173

Comments