Тіл кеспек жоқ
Тіл кеспек жоқ
February 18, 2025 at 09:35 AM
⚡️ *«Шерзатты Полатты өлтірді» деп айыпталған күдіктілердің ұялы телефоны мен «Алиса» құрылғысы тәркіленді* Бұл туралы адвокат Ерлан Адаев айтты. Ол видеоны көргеннен кейін ішкі істер министрлігіне сұрау салған. «Іске қатысы бар лауазымды тұлғалардың бәрі анықталды. Олар тәртіптік комиссия шешімімен жазаға тартылады. Тергеу изоляторында қолданылған заңсыз заттардың бәрі — мобильді телефон, колонка тәркіленді. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелді», — дейді ол. Естеріңізге сала кетейік, желіде «16 жасар Шерзат Полатты өлтірді» деп айыпталған күдіктілердің тергеу изоляторында туған күн тойлаған видеосы тараған. 🔗 Сілтеме: https://t.me/tilkespekjoq/14211

Comments