
Тіл кеспек жоқ
February 19, 2025 at 08:39 AM
👀 *Перизат Қайраттың анасы да алаяқтық жасады деген күдікке ілінді*
Бұл туралы қаржылық мониториң агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты.
«Перизат Қайраттың анасы Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс тіркелді. Бірақ әзірге айып тағылған жоқ», — деді ол.
Перизат Қайрат «мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығына жиналған 22 миллион теңгені жымқырды» деген күдікке ілінген.
Оған бұрын «Палестинаға көмек ретінде жиналған қаражат пен су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған ақшаны жеді» деген айыптар тағылған.
Перизат Қайраттың анасы бұл қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектескен көрінеді. Қылмыстық істі тергеу наурызда аяқталады. Кейін сот болады.
🔗 Сілтеме: https://t.me/tilkespekjoq/14219