Нақышбанд Тәриқаты ● Сопылық ● nvrislam.net
Нақышбанд Тәриқаты ● Сопылық ● nvrislam.net
February 22, 2025 at 02:23 AM
СОПЫЛАРДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ СӨЗДЕР - жақсылық істеу парыз емес, бірақ жамандық істемеу парыз. - жақсылықты нәпсің үшін емес, Алла ризалығы үшін істесең ғана арты қайырлы болады. - Алла алдында пенде үшін кішпейілділіктен асқан асыл қасиет жоқ. - ақыл шектеулі, жүрек шексіз, сондықтан Алла, 'Мен мүминнің жүрегіне сыйямын' дейді. - қартайған сайын мидың қабілеті түседі, жүректің қабілеті артады, сондықтан жүрекке сақта. - миын істете білген ақылды болады, жүрегін істете білген дана болады. - бастағы ақыл жаңылуы, алдауы мүмкін, бірақ жүректегі ақыл жаңылмайды, еш алдамайды. - жүрегін істете білген адам 200 жасқа келсе де алжымайды. - бастағы көз, алдын ғана көреді, жүректегі көз, бүкіл айналасын көреді. - бастағы ақыл шаршатады, жүректегі ақыл демалдырады. - бастағы ақыл тәнге байланғандықтан топырақтан ары аса алмайды, жүректегі ақыл Аллаға байланғандықтан оның шегі болмайды. - кәпірдің миы істегенімен, жүрегі істемейді. - жүрегін істете білмейтін мұсылман, ешқашан мүмин бола алмайды. - СОПЫЛАР ТАҒЫЛЫМЫ سوپىلاردان قالعان اسىل سوزدەر - جاقسىلىق ىستەۋ پارىز ەمەس، ءبىراق جاماندىق ىستەمەۋ پارىز. - جاقسىلىقتى ءناپسىڭ ءۇشىن ەمەس، اللا ريزالىعى ءۇشىن ىستەسەڭ عانا ارتى قايىرلى بولادى. - اللا الدىندا پەندە ءۇشىن كىشپەيىلدىلىكتەن اسقان اسىل قاسيەت جوق. - اقىل شەكتەۋلى، جۇرەك شەكسىز، سوندىقتان اللا، 'مەن ءمۇميننىڭ جۇرەگىنە سىيامىن' دەيدى. - قارتايعان سايىن ميدىڭ قابىلەتى تۇسەدى، جۇرەكتىڭ قابىلەتى ارتادى، سوندىقتان جۇرەككە ساقتا. - ميىن ىستەتە بىلگەن اقىلدى بولادى، جۇرەگىن ىستەتە بىلگەن دانا بولادى. - باستاعى اقىل جاڭىلۋى، الداۋى مۇمكىن، ءبىراق جۇرەكتەگى اقىل جاڭىلمايدى، ەش الدامايدى. - جۇرەگىن ىستەتە بىلگەن ادام 200 جاسقا كەلسە دە الجىمايدى. - باستاعى كوز، الدىن عانا كورەدى، جۇرەكتەگى كوز، بۇكىل اينالاسىن كورەدى. - باستاعى اقىل شارشاتادى، جۇرەكتەگى اقىل دەمالدىرادى. - باستاعى اقىل تانگە بايلانعاندىقتان توپىراقتان ارى اسا المايدى، جۇرەكتەگى اقىل اللاعا بايلانعاندىقتان ونىڭ شەگى بولمايدى. - كاپىردىڭ ميى ىستەگەنىمەن، جۇرەگى ىستەمەيدى. - جۇرەگىن ىستەتە بىلمەيتىن مۇسىلمان، ەشقاشان ءمۇمين بولا المايدى. - سوپىلار تاعىلىمى #қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза nvrislam.net instagram.com/nvrislami
❤️ 1

Comments