Informburo.kz
February 17, 2025 at 12:03 PM
*Қазақстан білім сапасын бағалау бойынша Орта Азияда бірінші болып аккредиттеуден өтті*
Бұл Қазақстанға Орталық Азия өңірінде білім беру сапасын бағалау бастамаларында көшбасшы болу мүмкіндігін береді.
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін бағалаудың ұлттық құралы (ББЖМ) RCEC халықаралық сапа белгісін алды. Бұл аккредитация ББЖМ-ның сенімділігі мен халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растап, оның PISA, TIMSS және PIRLS сияқты белгілі зерттеулермен үйлесімді екенін көрсетеді.
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" АҚ басқарма төрағасы Мағжан Аманғазының айтуынша, бұл аккредитация еліміздің бағалау саласындағы мүмкіндіктерін арттырып, ББЖМ трансформациясы арқылы әзірленген тәсілдерді ұлттық білім беру жүйесіне енгізуді жоспарлап отыр. ББЖМ аккредитациясының 7 кезеңі бағалау жүйесін әзірлеу, тест базасын құру, нұсқаулық әзірлеу, цифрлық платформада тестілеуді басқару және халықаралық стандарттарға сәйкес нәтижелерді талдау сынды процестерді қамтиды.
https://informburo.kz/kaz/newskaz/qazaqstan-bilim-sapasyn-bagalau-boiynsa-orta-aziiada-birinsi-bolyp-akkreditteuden-otti