
Informburo.kz
5.3K subscribers
About Informburo.kz
🔊Новости Казахстана и мира Қазақстан және әлем жаңалықтар
Similar Channels
Swipe to see more
Posts

*🕌 2025 жылы Құрбан айттың бірінші күні – 6 маусым* ҚМДБ мәліметінше, 2025 жылғы 28 мамырда мұсылман күнтізбесінің қамари есебі бойынша зул-хижжа айы басталды. Бұл ай – Исламдағы ең қасиетті айлардың бірі. 📅 Осыған сәйкес: • 🕋 Арапа күні – 5 маусым • 🐑 Құрбан айттың бірінші күні – 6 маусым 📌https://informburo.kz/kaz/newskaz/2025-zyly-qurban-aittyn-birinsi-kuni-6-mausymga-saikes-keledi-qmdb


*Шерзаттың ағасының төбелес кезінде алған жарақаты жеңіл дене жарақаты деп бағаланды* Өмірбек Жолымбетов жарақаттарға жеке-жеке тоқталды. 2025 жылғы 28 мамырда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша басты сот отырысы жалғасты. Сотта Өмірбек Жолымбетов жауап берді. Ол оқиға кезінде Алматы облысы бойынша сот-медициналық сараптама зертханасында сот-медицина сарапшысы қызметін атқарған. 2024 жылғы 9 қазанда сарапшы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесін зерттеген. 📌https://informburo.kz/kaz/newskaz/serzattyn-agasynyn-tobeles-kezinde-algan-zaraqaty-zenil-dene-zaraqaty-dep-bagalandy


*💉 АҚШ коронавирусқа қарсы вакцинаны жүкті әйелдер мен балаларға ұсынылатын екпелер тізімінен шығарды* 📢 АҚШ-тың Денсаулық сақтау министрі Роберт Кеннеди Covid-19 вакциналарына қатысты жаңа шешімді жария етті. Оған сәйкес: 🔹 Жүкті әйелдер мен дені сау балалар үшін коронавирусқа қарсы екпе енді ұсынылмайды. 🔹 Бұл шешімді CDC (Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы) да қолдады. 📌 Роберт Кеннеди: «Өткен жылы Байден әкімшілігі балаларға арналған бустердің қажеттілігін дәлелдейтін нақты клиникалық деректер болмағанына қарамастан, вакцина салуға шақырған болатын. Бүгіннен бастап бұл өзгертіледі». Бұл қадам коронавируспен күрес стратегиясындағы маңызды бетбұрыс ретінде бағалануда. 📌https://informburo.kz/kaz/newskaz/aqs-koronavirusqa-qarsy-vakcinany-zukti-aielderge-usynylgan-ekpeler-tiziminen-sygardy


*🚧 Алматыда 1 маусымнан бастап жол жөндеу жұмыстары басталады* 📍 Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, биыл 367 көше жөнделеді. 🛣️ Жалпы ұзындығы — 300 шақырым. 🗓️ Жөндеу жұмыстары 1 маусымнан басталады. Сонымен қатар: 🚍 Райымбек батыр және Желтоқсан көшелерінде BRT (Bus Rapid Transit) желілерінің құрылысы жалғасуда. 🔧 Жол жұмыстары аясында: • Жиектастар ауыстырылады, • Қаланың жол инфрақұрылымы жаңартылып, • Жол жүру қауіпсіздігі арттырылмақ. ⚠️ Жүргізушілер мен қала тұрғындарына жол қозғалысында уақытша өзгерістерге дайын болу ескертіледі. 📌https://informburo.kz/kaz/newskaz/almatyda-1-mausymnan-bastap-ortasa-zol-zondeu-zumystary-bastalady


*🚆 Қазақстан мен Қытай арасында жаңа туристік пойыз қатынасы ашылады* 🔹 “Сиань – Алматы” бағытындағы алғашқы туристік пойыз 29 мамырда Қытайдың Сиань қаласынан жолға шығады. 🔹 Алматыға келуі 31 мамырға жоспарланған. 🔹 Кері бағытта – 5 маусымда Алматыдан Сианьға аттанады. 🌏 Бұл бастама “Орталық Азия – Қытай” II саммиті аясында жүзеге асырылып отыр. Құрамында 250-ден астам адам бар делегацияны Сиань қаласы әкімінің орынбасары Сяо Ци бастап келеді. Қонақтар 5 күн бойы еліміздің оңтүстік астанасында болады. 🧳 Делегация құрамында мемлекеттік органдар, бизнес, ғылым, мәдениет, медицина мен спорт саласының өкілдері және туристер бар. 📌https://informburo.kz/kaz/newskaz/qazaqstan-men-qytai-arasynda-zana-turistik-bagyt-asylady


*Шерзат Полат ісі бойынша судьяға жарияланған қарсылық қабылданбады* Адвокат Абеновтың төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа білдірген қарсылығы негізсіз деп танылып, қанағаттандырылмады. Судья Жанұзақов Шерзат Полаттың өліміне қатысты резонансты істі қарауды жалғастыруға қайта кірісті. Еске салайық, бұған дейін қорғаушы тарап судьяға қарсылық білдіріп, ол сот залынан уақытша шыққан болатын. Сот залынан тікелей эфирді мына сілтеме арқылы көре аласыз https://www.youtube.com/live/rqhhIceDr4o?si=idrHb_cJh4cKxl7P⬅️


*Тарихи тұжырымдар мен саяси араздыққа негізделген әскери қақтығыстар мен соғыстар ақылға қонбайды – Тоқаев* Президент соғысудың орнына халықты, әсіресе, жастарды саналы әрі өркениетті қоғам құруға үндеді. Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөз сөйлеп, дүние жүзін қақтығыстар мен соғыс өрті жайлап бара жатқанына тоқталды. _"Былтырғы мәліметке сәйкес, 52 мемлекет қарулы қақтығыс жағдайында тұрған. Ал осындай қатыгез әрекеттерден келген экономикалық шығын 19 триллион долларға жетті. Бұл, шамамен, әлемдік ІЖӨ-нің 13,5 пайызы. Дегенмен осы сандардың арғы жағындағы ахуал одан да қорқынышты: қазіргі қақтығыстар анағұрлым ұзақ әрі күрделі сипатқа ие. Оған көптеген "ойыншылар", тіпті, ешқандай мемлекетке қатысы жоқ топтар араласады. Бұдан бөлек, мұндай қақтығыстардың тамырында түрлі қайшылықтар жатыр. Аталған факторлар бейбітшіліктің берік орнауына кедергі келтіруде", – деді мемлекет басшысы._ https://informburo.kz/kaz/newskaz/tarixi-tuzyrymdar-men-saiasi-arazdyqqa-negizdelgen-askeri-qaqtygystar-men-sogystar-aqylga-qonbaidy-toqaev

*Шерзат Полат ісі сот* Талғар қаласында Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр Сот залынан тікелей эфирді мына сілтеме арқылы көре аласыз https://youtu.be/krSZWm8TSCA⬅️


*Блэкаут не төтенше жағдайға қарамастан, әуежайда байланыс үзілмеуі керек – SITA* Жер сілкінісі мен қолайсыз ауа райы кезінде кабель желісінің үзілуінен әуежайлар жиі байланыссыз қалады. Климаттың өзгеруі, төтенше жағдайлардың жиілеуіне байланысты халықаралық SITA Managed Satellites компаниясы Швейцарияда әлем әуежайларындағы қауіпсіздік мәселесін көтерді. 📌https://informburo.kz/kaz/newskaz/blekaut-ne-totense-zagdaiga-qaramastan-auezaida-bailanys-uzilmeui-kerek-sita


*🇰🇿🇦🇿 Тоқаев Әзербайжан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады* Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке және бүкіл әзербайжан халқына Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. 📩 Жеделхатта: “Сан ғасырлық достыққа негізделген қазақ-әзербайжан қарым-қатынасы шынайы стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқаны қуантады. Бірлескен күш-жігеріміз арқылы жетістіктерімізді еселеп, сан қырлы мемлекетаралық ынтымақтастықты жаңа белеске шығаратынымызға сенімдімін”, — делінген. 🔹 Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевке жауапты қызметінде табыс, ал әзербайжан халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі. 📌https://informburo.kz/kaz/newskaz/toqaev-azerbaizan-xalqyn-tauelsizdik-kuni-merekesimen-quttyqtady
