Informburo.kz
Informburo.kz
February 17, 2025 at 01:43 PM
*Ақтау әкімінің экс-орынбасары Өзбекстанда ұсталды* Оны өзбекстандық шекарашылар ұстап, тергеу изоляторына қамады. Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасов Өзбекстан шекарасында ұсталды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі. _"Тимур Сәдуақасовты өзбекстандық шекарашылар ұстап, тергеу изоляторына қамады. Оған қатысты елге заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оны Өзбекстан Республикасынан экстрадициялау мәселесі бойынша бас прокуратурамен бірлесіп тиісті материалдар дайындалып жатыр", – делінген ресми хабарламада._ 📌https://informburo.kz/kaz/newskaz/aqtau-akiminin-eks-orynbasary-ozbekstanda-ustaldy

Comments