Informburo.kz
Informburo.kz
February 18, 2025 at 05:30 AM
*Қазақстандық блогерлер 53,3 млрд теңге кірісін жасырған – Мемлекеттік кірістер комитеті* Заң бұзушылық бойынша 594 адамға хабарлама жіберілген. Мемлекеттік кірістер комитеті әртүрлі дереккөздерден алынған мәліметтерді салық декларацияларының деректерімен салыстыру нәтижесінде 594 тұлғада 53,3 млрд теңгеге сәйкессіздіктер анықталды.  Осыған байланысты, 13-14 ақпан күндері аралығында "кірістерді төмендету" бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілді. _"Бұл хабарламаларды орындау үшін тұлғалардан не қосымша есептелген салықтарды төлей отырып, жаңартылған салық есептілігін тапсыруы, не хабарламаға келіспеушілігін дәлелдейтін түсіндірме ұсынуы талап етіледі. Хабарламаның орындалу мерзімі 30 жұмыс күнін құрайтынын ескеру керек", – делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында._ https://informburo.kz/kaz/newskaz/qazaqstandyq-blogerler-533-mlrd-tenge-kirisin-zasyrgan-memlekettik-kirister-komiteti

Comments