
Informburo.kz
February 18, 2025 at 06:41 AM
*Ұмраға кеткен бір топ Қазақстан азаматы елге орала алмай жатыр*
Енді бір топ қажы қонақүй жағалап жүр.
Ұмраға кеткен бір топ Қазақстан азаматы елге орала алмай жатыр, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Парыз өтеймін деп қиырда қалғандар бұл іске кіші қажылыққа апарған Qazaq Umma туркомпаниясын кінәлайды.
Айтуларынша, келісім бойынша компания келіп-кетуді толық ұйымдастыруы керек болған. Бірақ Қазақстанға қайтар сәтте билетсіз қалдырыпты. Енді бір топ қажы қонақүй жағалап жүр.
Ұмра деп барып, ұлардай шулаған кісілер қасиетті Меккеге 7 ақпанда кеткен. Ал 16-сы атаменге оралатын болған. Бірақ Қағбадан шығып, әуежайға келгенде 10 қажының бірде біреуінде қайтарға билет берілмеген. Енді қонақүйден шығармасын деп шетелдіктердің қас-қабағына қарап отырмыз дейді.
https://informburo.kz/kaz/newskaz/umraga-ketken-bir-top-qazaqstan-azamaty-elge-orala-almai-zatyr
😮
1