Informburo.kz
February 18, 2025 at 08:09 AM
*Торонто әуежайында жолаушылар ұшағы аударылды: 18 адам жарақат алды*
Торонто әуежайындағы ұшу-қону жолақтары сейсенбіге дейін жабық болады.
Торонтода қонуға дайындалып келе жатқан ұшақ аударылып, 18 адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости.
Delta Air Lines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Канаданың Торонто қаласындағы Пирсон халықаралық әуежайына қонар кезде апатқа ұшырады.
Ұшақ дүйсенбі күні Миннеаполистен ұшып шығып, жергілікті уақыт бойынша сағат 14:45 шамасында апатқа ұшырады. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, жарақат алғандардың үшеуінің жағдайы ауыр, олардың арасында бір бала бар. Қалған зардап шеккендер жеңіл жарақаттармен жергілікті ауруханаларға жеткізілген.
https://informburo.kz/kaz/newskaz/toronto-auezaiynda-zolausylar-usagy-audaryldy-18-adam-zaraqat-aldy