
Informburo.kz
February 18, 2025 at 09:19 AM
*Шенеуніктерден қайран жоқ деген халық ауылда мәдениет үйін өздері салып жатыр*
Кеңес кезінде салынған нысанның есігіне 2017 жылы қара құлып салыныпты.
Жетісу облысы Кеңғарын ауылының тұрғындары өз қаражаттарына мәдениет үйін салып жатыр, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Шенеуніктерден қайран жоқ деген халық елді мекеннің мәдени өмірін жандандыруды жоспарлаған. Халықтың ашуын туғызғаны, жеті жылдан бері жабылып қалған мәдениет ошағында қағаздағы есепте керемет концерттер өтіп жатыр екен. Тіпті, штаттағы қызметкер өтпеген шараларды өткіздім деп есеп беретін көрінеді.
Кезінде Кеңғарын ауылындағы мәдениет ошағынан ән әуелеп, күй күмбірлеп жататын. Алматыдан шығармашылық ұжымдар да жиі келіп тұратын дейді тұрғындар. 10 шақты жылдан бері сол думанды күндер көздерінен бұлбұл ұшқан. Бірақ жауапты мамандар есебінде әлі де ауылдың мәдени өмірі қыз-қыз қайнап жатқанға ұқсайды.
https://informburo.kz/kaz/newskaz/seneunikterden-qairan-zoq-degen-xalyq-auylda-madeniet-uiin-ozderi-salyp-zatyr