
Informburo.kz
February 19, 2025 at 09:32 AM
*Перизат Қайратқа қатысты тергеу шаралары қашан аяқталады*
Екі адамға айып тағылды.
Перизат Қайратқа қатысты тергеу шаралары аяқталуға жақын. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.
Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің екі бабы - 190 (алаяқтық) пен 218 (қылмыстық жолмен келген табысты заңдастыру) бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
_"Наурыздың басында біз тергеу шараларын аяқтаймыз. Оны ресми түрде жариялайтын боламыз. Одан кейін тараптар іс материалдарымен танысады", – деді Жеңіс Елемесов мәжілісте өткен брифингте._
https://informburo.kz/kaz/newskaz/perizat-qairatqa-qatysty-tergeu-saralary-qasan-aiaqtalady