Informburo.kz
February 19, 2025 at 12:56 PM
*Балаларға арналған Sim карталар сәуірге дейін енгізіледі. Оның ерекшелігі не*
Бұл Sim карталар ЖСН арқылы тіркеледі және жас ерекшелігіне лайық емес қосымшаларды жүктеуге және контент көруге мүмкіндік бермейді.
Оқу-ағарту министрлігі "Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарға" енгізілетін өзгертулерді қоғам талқысына ұсынды.
Жоспарға балаларға арналған Sim карталарды енгізу міндеті қосылған және оны іске асыру мерзімі ретінде 2025 жылғы сәуір көрсетілген.
https://informburo.kz/kaz/newskaz/balalarga-arnalgan-sim-kartalar-sauirge-deiin-engiziledi-onyn-erekseligi-ne
👍
4