Informburo.kz
February 20, 2025 at 05:39 AM
*Су тасқынына дайындық: "Қазсушар" филиалдарына 84 жаңа техника берілді*
Оның ішінде сегіз автокран, 14 самосвал, жеті трактор, 23 тиегіш және 32 газель көлігі бар.
Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқынына дайындық аясында "Қазсушар" филиалдарын 84 жаңа техникамен қамтамасыз етті.
Арнайы техника паркін жаңарту су шаруашылығы нысандарын бақылауды күшейтуге және инфрақұрылымды үздіксіз пайдалануды қамтамасыз етуге, жұмыстардың жеделдігін және сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Министрліктің бұл бастамасы су шаруашылығы саласын жаңғырту бойынша кешенді жоспарының бір бөлігі ғана. Ведомство алдағы бірнеше жылда су шаруашылығы техникаларының 65-70%-ын жаңартуға ниетті.
https://informburo.kz/kaz/newskaz/su-tasqynyna-daiyndyq-qazsusar-filialdaryna-84-zana-texnika-berildi