Informburo.kz
Informburo.kz
February 20, 2025 at 07:28 AM
*Қазақстандықтардың "Ата-аналар мектебінде" оқуы міндетті болмақ* Оқу-ағарту министрлігі жас отбасылардың қай кезеңдерде оқуы қажеттігін белгіледі. Оқу-ағарту министрлігі "Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарға" енгізілетін өзгертулерді қоғам талқысына ұсынды.   Жоспарға сәйкес, ата-аналарға арналған курстарды қазақстандық отбасылар үшін міндетті ету мәселесі қарастырылады. Министрліктің ұсынысы бойынша, жастар некесін тіркеу алдында, жас отбасылар жүктілік кезеңінде және баланың дүниеге келуінің алдында, сондай-ақ, баланы балабақша мен мектепке берер алдында ата-аналарға арналған курстарға қатысуы керек.  _"Бұл ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға, бала тәрбиесін жақсартуға көмектеседі және әлеуметтік мәселелерді шешуде де маңызды. Баланы дүниеге әкелген кезде және балабақша мен мектепке қабылдау кезінде ата-аналарды оқыту балалардың білім беру ортасына бейімделуін және педагогтар мен медицина қызметкерлерімен өзара әрекеттесуін жақсартады", – делінген министрліктің түсіндірме жазбасында._ https://informburo.kz/kaz/newskaz/qazaqstandyqtardyn-ata-analar-mektebinde-oquy-mindetti-bolmaq

Comments