Informburo.kz
Informburo.kz
February 25, 2025 at 04:41 AM
*Шаруаларды қолдауға Үкімет резервінен 117 млрд теңге бөлінді* Қаражат көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын жүргізуге және ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға арналған. Үкімет резервінен отандық шаруаларды қолдау үшін 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлады Primeminister.kz.  Құжат 2025 жылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысының көктемгі егіс пен жиын-терім жұмыстарына кемінде 700 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмасын орындау шеңберінде қабылданды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолжетімді несие арқылы қолдау және шаруалардың қаржылық жағдайын тұрақтандыру мақсатында қаулыға сәйкес Үкімет резервінен шамамен 116 млрд 772 млн теңге бөлу қарастырылған. https://informburo.kz/kaz/newskaz/sarualardy-qoldauga-ukimet-rezervinen-117-mlrd-tenge-bolindi
🙏 1

Comments