Informburo.kz
Informburo.kz
February 27, 2025 at 07:59 AM
*Маңғыстау облысында жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылды* Жолды бүгін сағат 15:00-де ашу жоспарланған. Маңғыстау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" хабарлады. 2025 жылғы 27 ақпан сағат 10:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылды:  * "Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" 718-786 шақырым аралығы (Ақтау қаласы-Жетібай ауылы); * "Ақтау-Құрық" автожолының 13-72 шақырым аралығы (Ақтау қаласы-Құрық ауылы). https://informburo.kz/kaz/newskaz/mangystau-oblysynda-zuk-kolikterdin-qozgalysyna-sekteu-qoiyldy

Comments