Informburo.kz
Informburo.kz
February 27, 2025 at 11:53 AM
*Қазақстанда аударыспақтың жаңа ережесі әзірленбек. Жаттығу алаңынан фоторепортаж* Бұл ойын әр елде түрліше аталады. Жалпыға ортақ атауы – "Ат үстіндегі күрес". Алматыда қазақтың дәстүрлі аударыспақ ойыны бойынша жаттықтырушыларға арналған екі күндік семинар өтіп, оған сала мамандары, спортшылар және федерация өкілдері қатысты. Шара барысында 2024 жылғы жүмыс қорытындыланып, үздік жаттықтырушыларды марапатталды. Сондай-ақ, семинар қатысушылары өзекті ережелерді талқылап, оларды жетілдіру жолдарын қарастырды. Аударыспақ федерациясы ұйымдастырған семинардың спорттың дамуы үшін маңызы зор. Мұндай кездесулерде стратегиялық шешімдер қабылданып, ережелер түзетіледі және жарыстардың жаңа стандарттары қалыптасады. Семинар теория және практикадан тұрды. Қатысушылар ойынның даму стратегиясын, оны халықаралық деңгейде танымал ету механизмдерін және ірі спорттық шараларға интеграциялау перспективаларын талқылады. Аударыспақтың дамуына елеулі үлес қосқан үздік жаттықтырушылар марапатталды. https://informburo.kz/kaz/kogam/qazaqstanda-audaryspaqtyn-zana-erezesi-azirlenbek-zattygu-alanynan-fotoreportaz

Comments