
Qazaqstan.tv
February 3, 2025 at 10:37 AM
⛸️Алматыда «Медеу» мұз айдыны жаңғыртылады
Алматыдағы әйгілі «Медеу» мұз айдыны 2025-2027 жылдары толық реконструкциядан өтеді. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов сенаторлардың сұрауына берген жауабында мәлімдеді.
Жаңғырту аясында серуендеу аллеясы мен баспалдақтар салынады. Есентай өзені бойындағы оңтүстік жотасы көркейтіледі. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жедел сатылар орнатылады.
Бұған қоса, «Медеу» қонақ үйін де реконструкциялау жоспарланған. Алматы әкімдігінің мәліметінше, жұмыс барысында мұз айдынының тарихи келбетін сақтауға баса мән беріледі.
❤️
👍
😅
😮
4