
Qazaqstan.tv
13.6K subscribers
About Qazaqstan.tv
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Similar Channels
Swipe to see more
Posts

🍈Түркістан облысының диқандары қауынның алғашқы өнімін жинады Түркістан облысы Жетісай ауданының диқандары қауынның алғашқы өнімін мерзімінен бұрын жинады. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, биыл егістікке суармалы су ерте берілді. 📌Бүгінгі таңда Жетісай ауданының диқандарына 12 578 гектар ауыл шаруашылығы жерін суару үшін 39,5 млн текше метр су жіберілген. Бұл алқаптарда негізінен бақша дақылдары өсіріледі.


🌐 Астана халықаралық форумы басталды Бүгін елордада Астана халықаралық форумы өз жұмысын бастады. Іс-шара Президенттің қатысуымен өткен негізгі сессиямен ашылды. Форум биыл «Идеяларды біріктіре, болашақты қалыптастыра» деген тақырыппен өтуде. Ол үш негізгі бағытты қамтиды: – сыртқы саясат пен халықаралық қауіпсіздік – энергетика және климаттың өзгеруі – экономика және қаржы Форумға әлемнің әр түкпірінен 160-тан астам спикер, 4 мыңнан астам қатысушы, сондай-ақ 100-ден астам шетелдік БАҚ өкілі тіркелген. Алдағы күндері түрлі панельдік сессиялар мен бейресми кездесулер өтеді.

🏠 *Астанадағы автобус апатынан аяғынан айырылған қыздың отбасына баспана беріледі* Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты. `«Сақтандыру 20 млн теңге шамасында және әкімшілік 10 млн теңге берді. Қосымша 10 млн теңге береміз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар баспана мәселесін шешіп береміз. Оны ресми түрде айтып отырмыз. Баспана мәселесі шешіледі», - деді қала әкімі Ақордада БАҚ өкілдеріне берген жауабында.` 📌 _Еске салсақ, өткен аптада автобус жол бойындағы бағанға соғылды. Қоғамдық көліктің алдыңғы жағында отырған 15 адам жарақат алған еді. Ал 8 жастағы қыздың аяғын ампутациялауға тура келді._


*ChatGPT Қазақстанда салық төлейтін болды* Енді Қазақстан аумағындағы жеке тұлғаларға қызмет көрсеткені үшін ChatGPT Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығын төлейді. > «2025 жылғы мамырдан бастап OpenAI, L.L.C. компаниясы шартты түрде тіркелді. Бұл — жасанды интеллект саласындағы жетекші америкалық ұйым, кеңінен танымал ChatGPT интеллектуалдық жүйесінің әзірлеушісі», - делінген Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында. _📌ChatGPT — бұл жасанды интеллектіге негізделген чат-бот. Оны виртуалды көмекші, кеңесші, сұхбаттасушы немесе шығармашылық пен жұмысқа арналған құрал ретінде пайдалануға болады._


Президент: Жерімізде жасалған 450 ядролық сынақтың зардабымен Қазақстан әлі күнге дейін бетпе-бет келіп отыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумында осылай деді. «Жерімізде жасалған 450 ядролық сынақтың зардабымен Қазақстан әлі күнге дейін бетпе-бет келіп отыр. Біз бейбітшілік үшін Кеңес өкіметінен мұраға қалған ядролық арсеналдан өз еркімізбен бас тарттық. Бүгінде жаппай қырып-жоятын ядролық және биологиялық қаруды таратпау ұстанымын жақтаймыз», - деді жиында.


🎙 *Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden сахнасында жеке концертін өткізеді* Бұл туралы әнші Алматыда өтіп жатқан фан-кездесуінде хабарлады. Концерт осы жылдың 5 қарашасына жоспарланып отыр. _✅Сондай-ақ бұған дейін «Stranger»туры Барселона, Берлин, Лондон, Рига қалаларында өтетіні айтылған еді._


*🗓 Қазақстандықтар Астана күніне орай 3 күн демалады* Астана күні биыл жексенбіге түсіп тұр. Сондықтан демалыс 7 шілдеге ауысады. Осылайша қазақстандықтар 5, 6, 7 шілде күндері демалады. _📌Жалпы, шілде айында 9 демалыс күні бар._


*🔴Өскеменде 12 жастағы қызға қатарластары зәбір көрсеткен* Жарақат алған жасөспірім қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, денсаулығы орташа. *📍Шымкентте балаларды соққыға жыққан тәрбиеші қамауға алынды* Балабақша қызметкері балаларды теуіп, сызғышпен аяусыз ұрып-соққан. ⚡️ *Депутат: Жемқорлықпен сотталғандар рақымшылыққа ілінбейді* Қазір Мәжіліс заң жобасын қарап жатыр. 🚨 *Лос-Анджелесте коменданттық сағат жарияланды* Мұндай режим енгізілуіне демонстрация кезінде тонау және зорлық-зомбылық фактілерінің көбеюі себеп болды. 📊 *Ресейде картоп бағасы былтырдан бері 3 есеге қымбаттаған* Экономистердің ойынша, бұған өткен жылы ауа райының қолайсыздығынан өнімнің аз алынуы себеп болған. *🚐Алматыда тозығы жеткен автобустар 160 млн теңгеге сатылды* Аукционға барлығы 573 қоғамдық көлік шығарылған. Толығырақ: https://t.me/qazaqstantv

*🔴Шерзат Полат ісі бойынша үкім шығарылды* ▫️Абзал Шынасыл – 23 жылға; ▫️Равиль Сакиев – 20 жылға; ▫️Азамат Тоқтаубаев – 15 жылға; ▫️Шыңғыс Белғожаев – 7 жылға; ▫️Дархан Әскентай – 7 жылға; ▫️Нұрқияс Ілиясов - 9 жылға; ▫️Нұрбол Тоқтаубаев - 7 жылға; ▫️Дидар Қалиахмет – 7 жылға; ▫️кәмелет жасқа толмаған Думан Ысқақов – 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Толығырақ: https://t.me/qazaqstantv

👶 Ақтөбелік 34 жастағы келіншек 12-баласын дүниеге әкелді Шалқар ауданында тұратын Айым Сүйеуқұлова 24 мамыр күні он екінші баласы — Мұхаммед-Әлиді өмірге әкелді. Салмағы — 3400 грамм. Ол 16 жасында тұрмысқа шыққан. Қазір күйеуімен бірге 5 қыз бен 7 ұл тәрбиелеп отыр. Отбасы аудан орталығында пәтер жалдап тұрады. 7 баласы мектепте, 2 бала балабақшада оқып жүр. 🏡 Жергілікті әкімдік отбасыға ауылға көшуді, үй мен мал беруді ұсынып отыр. Мақсат — бала саны азайған ауыл мектебін қолдау.
