
Qazaqstan.tv
February 17, 2025 at 01:44 PM
🎁Сарыағаштық оқушы қыз Президенттен сыйлық алды
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Тегісшіл ауылындағы №30 С.Торайғыров атындағы мектептің 4-сынып оқушысы Хиуаз Аршабай Президенттен сыйлық алды.
Ол өз арманын хатқа түсіріп Мемлекет басшысына жолдаған.
Президентке жазған хатында оқушы қыз ТМД бойынша үздік студент атанған әпкесіне арнап ноутбук сыйға тартуды, сонымен қатар Мемлекет басшысымен жүздесуді жазған.
Бұл хат Мемлекет басшысы назарынан тыс қалмады. Президент Хиуазға өз атынан сыйлық жолдады. Елордадан келген сыйлықты Түркістан облыстық білім басқармасының мамандары табыстады.
👍
😮
2