
Qazaqstan.tv
February 19, 2025 at 03:58 PM
Ақмола облысында мектеп автобусы қыз баланы басып кетті
Қайғылы оқиға IT мектеп аумағында болған. Ақмола облысы Полиция департментінің мәлімдеуінше, 19 ақпанда Қараөткел кентіндегі мектеп аумағында жүргізуші мектеп автобусымен 10 жастағы қызды басып кеткен.
«Бала сол жерде көз жұмды. Осы оқиға бойынша полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр», - деп мәлім етті департаменттен.