Qazaqstan.tv
February 25, 2025 at 07:29 PM
⏺ *Елімізде қар барысының саны 180-ге жуықтады*
Мамандардың айтуынша, биік тауларды мекен ететін түз тағысы өткен ғасырдың 80-жылдардағы популяциясына жақындап қалды. Ол кезде Қазақстандағы ілбіс саны 200-дің төңірегінде болған. Жыртқыш жануар әсіресе Алтынемел ұлттық табиғи паркі аумағында жиі кездесуде. Қазір мұнда Қызыл кітапқа енген мысық тұқымдас санының 20-дан асқаны дәлелденіп отыр.
📌Ғалымдардың зерттеулерінде Алтынмелде қар барысы 1950 жылдарға дейін мекендеді деген дерегі бар. Қазір бұл жер ерекше қорғалатын аймақ болғандықтан, мұнда ілбіс үшін азық қоры мол. Сондықтан да болар барыстар емін-еркін көбейіп, Алтынемел таулары жануардың ең көп шоғырланған аймағына айналып отыр.
👍
1