Рисале-й Нұр кітәбім
February 18, 2025 at 03:49 PM
БАДИУЗЗАМАННЫҢ ӨМІР ТАРИХЫ
- Бәдиүззаман бүкіл өмірі мен еңбектері арқылы осы ғасырда ақиқат жолында нағыз жанқияр және рухани үлкен қаһарман екенін дәлелдеді.
- Оның осы ұлы ақиқат жолындағы шынайылығы, табандылығы және еңбегі адамзат әлемінде жаңа жол ашып, өшпес іздер қалдырды. Миллиондаған адамдардың иманға келуіне, тура жол табуына және мәңгілік бақытқа жетуіне себепкер болды. Сондықтан да дінге осылайша жоғары қызмет еткен жанның ақиқат жолындағы күресін үлгі алу үшін оны тану қажет. Ұстаздың өмірі оның жалпы қызметі тұрғысынан екі үлкен кезеңге бөлінеді.
- Біріншісі: Туған күнінен бастап оқу жылдары, Вандағы өмірі, Ыстамбұлға келуі, сапарлары, Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы, Ресейде тұтқында болуы, Ыстамбұлда Дәрулхикметил-Исламия мүшесі болуы, Кува-и Миллие қозғалысы кезінде Ыстамбұлдағы қызметі, Анкараға келіп, алғашқы Ұлттық Мәжілістегі қызметі және аз уақыттан кейін Ванға кетіп, оңашалықты таңдауы секілді оқиғаларды қамтиды... Ұстаздың әрбір кезеңі оның өміріндегі ерекше сахналар болып табылады. Осы алғашқы кезең – оның иман және Құранға қызмет ету тұрғысынан екінші кезеңіне дайындық болып саналады. Бұл өмірінің елу жылына дейінгі кезеңді қамтиды.
- Екіншісі: Ванда оңашаланған кезінде батысқа жер аударылып, Испартаның Барла ауылында тұруға мәжбүр болған кезінен басталады. Бұл – «Рисале-и Нұр» еңбектерінің жазылып, таралу кезеңі. Ең жоғарғы ықылас, жанқиярлық, адалдық, беріктік, мұқияттылық және қарапайымдылық ішінде Рисале-и Нұр арқылы иман жолында қызмет етуі және рухани күресі (жихады).
Бәдиүззаман өзіне арналған осындай өмірбаян дайындалып жатқанын естігенде: «Толық мәлімет қажет емес, тек Рисале-и Нұр қызметіне қатысты бөліктер жазылсын» деп хабар жіберген. Осы себепті оның жеке өміріне қатысты мәліметтер өте қысқа қамтылған.