
Informburo.kz
May 28, 2025 at 05:32 AM
*🇰🇿🇦🇿 Тоқаев Әзербайжан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады*
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке және бүкіл әзербайжан халқына Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.
📩 Жеделхатта:
“Сан ғасырлық достыққа негізделген қазақ-әзербайжан қарым-қатынасы шынайы стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқаны қуантады. Бірлескен күш-жігеріміз арқылы жетістіктерімізді еселеп, сан қырлы мемлекетаралық ынтымақтастықты жаңа белеске шығаратынымызға сенімдімін”, — делінген.
🔹 Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевке жауапты қызметінде табыс, ал әзербайжан халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.
📌https://informburo.kz/kaz/newskaz/toqaev-azerbaizan-xalqyn-tauelsizdik-kuni-merekesimen-quttyqtady

❤️
👍
💪
9