
Informburo.kz
May 28, 2025 at 06:12 AM
*🚆 Қазақстан мен Қытай арасында жаңа туристік пойыз қатынасы ашылады*
🔹 “Сиань – Алматы” бағытындағы алғашқы туристік пойыз 29 мамырда Қытайдың Сиань қаласынан жолға шығады.
🔹 Алматыға келуі 31 мамырға жоспарланған.
🔹 Кері бағытта – 5 маусымда Алматыдан Сианьға аттанады.
🌏 Бұл бастама “Орталық Азия – Қытай” II саммиті аясында жүзеге асырылып отыр.
Құрамында 250-ден астам адам бар делегацияны Сиань қаласы әкімінің орынбасары Сяо Ци бастап келеді.
Қонақтар 5 күн бойы еліміздің оңтүстік астанасында болады.
🧳 Делегация құрамында мемлекеттік органдар, бизнес, ғылым, мәдениет, медицина мен спорт саласының өкілдері және туристер бар.
📌https://informburo.kz/kaz/newskaz/qazaqstan-men-qytai-arasynda-zana-turistik-bagyt-asylady

👍
🖐
😂
🙏
6