Informburo.kz
Informburo.kz
May 29, 2025 at 04:27 AM
*💉 АҚШ коронавирусқа қарсы вакцинаны жүкті әйелдер мен балаларға ұсынылатын екпелер тізімінен шығарды* 📢 АҚШ-тың Денсаулық сақтау министрі Роберт Кеннеди Covid-19 вакциналарына қатысты жаңа шешімді жария етті. Оған сәйкес: 🔹 Жүкті әйелдер мен дені сау балалар үшін коронавирусқа қарсы екпе енді ұсынылмайды. 🔹 Бұл шешімді CDC (Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы) да қолдады. 📌 Роберт Кеннеди: «Өткен жылы Байден әкімшілігі балаларға арналған бустердің қажеттілігін дәлелдейтін нақты клиникалық деректер болмағанына қарамастан, вакцина салуға шақырған болатын. Бүгіннен бастап бұл өзгертіледі». Бұл қадам коронавируспен күрес стратегиясындағы маңызды бетбұрыс ретінде бағалануда. 📌https://informburo.kz/kaz/newskaz/aqs-koronavirusqa-qarsy-vakcinany-zukti-aielderge-usynylgan-ekpeler-tiziminen-sygardy
Image from Informburo.kz: *💉 АҚШ коронавирусқа қарсы вакцинаны жүкті әйелдер мен балаларға ұсын...
👍 ❤️ 4

Comments