Informburo.kz
Informburo.kz
May 29, 2025 at 06:53 AM
*Тарихи тұжырымдар мен саяси араздыққа негізделген әскери қақтығыстар мен соғыстар ақылға қонбайды – Тоқаев* Президент соғысудың орнына халықты, әсіресе, жастарды саналы әрі өркениетті қоғам құруға үндеді. Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөз сөйлеп, дүние жүзін қақтығыстар мен соғыс өрті жайлап бара жатқанына тоқталды.  _"Былтырғы мәліметке сәйкес, 52 мемлекет қарулы қақтығыс жағдайында тұрған. Ал осындай қатыгез әрекеттерден келген экономикалық шығын 19 триллион долларға жетті. Бұл, шамамен, әлемдік ІЖӨ-нің 13,5 пайызы. Дегенмен осы сандардың арғы жағындағы ахуал одан да қорқынышты: қазіргі қақтығыстар анағұрлым ұзақ әрі күрделі сипатқа ие. Оған көптеген "ойыншылар", тіпті, ешқандай мемлекетке қатысы жоқ топтар араласады. Бұдан бөлек, мұндай қақтығыстардың тамырында түрлі қайшылықтар жатыр. Аталған факторлар бейбітшіліктің берік орнауына кедергі келтіруде", – деді мемлекет басшысы._ https://informburo.kz/kaz/newskaz/tarixi-tuzyrymdar-men-saiasi-arazdyqqa-negizdelgen-askeri-qaqtygystar-men-sogystar-aqylga-qonbaidy-toqaev
👍 ❤️ 🔥 😮 5

Comments