
Informburo.kz
May 30, 2025 at 12:48 PM
*3 миллион адамның өмірін қиған ашаршылық: тың деректер мен естеліктер*
XX ғасырда қазақ даласында үш рет ашаршылық болған.
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл күн қазақ халқы үшін ауыр тарихтың бір парағы, ХХ ғасырдағы аштық пен қуғын-сүргіннің зұлматын еске салады. Осы кезеңде миллиондаған адам көз жұмып, қазақтың дәстүрлі өмірі мен мәдениеті үлкен соққыға ұшырады. Informburo.kz ашаршылықтың себебі, салдары және халықтың осы қиын-қыстау замандағы күресі туралы шынайы деректерге шолу жасап, шынайы естеліктерді ұсынады.
*_Ашаршылық орнауына не себеп болды?_*
1920-жылдардың соңында Кеңес үкіметі елді жаппай ұжымдастыру саясатын бастады. Бұл саясат ауыл шаруашылығын социалистік жүйеге бейімдеу, жекеменшікті жою, халықты колхоз-совхоздарға біріктіруді көздеді. Бірақ қазақ даласында бұл реформа зорлықпен, репрессиямен іске асырылды.
Көшпелі қазақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салты мен экономикасы жойылды. Қазақтардың негізгі кәсібі – мал бағу еді. Ұжымдастыру кезінде бай-құлақтар тап ретінде жойылды, малын тартып алды. Халықты отырықшыландыру мақсатында көшпелі өмір салты бұзылды.
https://informburo.kz/kaz/kogam/3-million-adamnyn-omirin-qigan-asarsylyq-tyn-derekter-men-estelikter
😢
❤️
👍
💔
🎉
😎
😥
🙏
🤲
20