Informburo.kz
Informburo.kz
June 3, 2025 at 06:04 AM
*Тұрғындар бетпердемен жүруге мәжбүр: Атырау іргесінде қамыс өртеніп, қаланы қара түтін басты* Өрт үш күн бұрын басталған. Қала іргесінде қамыс өртеніп, тұрғындар үш күннен бері таза ауа жұта алмай отыр. Күн сәулесі көрінбей, халық терезе ашудан қалған. Түтіннің иісі мұрынды қысып, көз ашытатын деңгейге жеткен. Осы себепті тұрғындар көшеге тек бетпердемен шығуға мәжбүр. Қызыл жалын ырыққа көнбей, шамамен 1000 гектар аумақты шарпыған, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.  https://informburo.kz/kaz/newskaz/turgyndar-betperdemen-zuruge-mazbur-atyrau-irgesinde-qamys-ortenip-qalany-qara-tutin-basty
👍 😂 2

Comments