Informburo.kz
Informburo.kz
June 3, 2025 at 07:41 AM
*Медицина бойынша орынбасар және аға мейіргер. Әлеуметтік қызмет ұйымдарына жаңа лауазымдар енгізіледі* Ашық НҚА порталында Қазақстан Республикасының "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығының жобасы жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл құжат еңбек және әлеуметтік қорғау салаларында ағымдағы нормативтік актілерді жетілдіріп, оңтайландыру мақсатында әзірленген.  Құжатта арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызмет қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні айтылған. Бұл өзгерістер ең төменгі штаттық нормативтерді қайта қарауды қамтиды. Атап айтқанда, мынандай лауазымдар енгізіледі: директордың медициналық жұмыс жөніндегі орынбасары және аға мейіргер. Мұнымен қоса, қажет болған жағдайда дезинфекторы, су сорғы стансасының машинисі (мотористі) және электр газбен дәнекерлеуші сияқты лауазымдар қосылуы мүмкін. https://informburo.kz/kaz/newskaz/medicina-boiynsa-orynbasar-zane-aga-meiirger-aleumettik-qyzmet-uiymdaryna-zana-lauazymdar-engiziledi
❤️ 👍 🔥 😂 🧐 8

Comments