
Informburo.kz
June 4, 2025 at 12:16 PM
*Алматыда Құрбан айт кезінде құрбандық шалатын орындар анықталды*
Діни рәсімді мешіттің қызметкерлері бақылап отырмақ.
Алматыда Құрбан айт кезінде құрбандық шалатын орындар анықталды. Бұл туралы Дін істері басқармасының бөлім басшысы Досхан Рахметілдаев мәлімдеді.
Биыл қасиетті Құрбан айт мейрамын мұсылмандар 6, 7 және 8 маусым күндері атап өтеді. Алматының жеті ауданында осыған орай үлкен мешіттерге жақын жерде құрбан шалатын 12 арнаулы орын ашылды. 6 маусым күні таңғы сағат 06:00-де қаланың 56 мешітінде Айт намазы оқылады. Намаздан кейін бірден құрбандық шалу рәсімі басталады.
📌https://informburo.kz/kaz/newskaz/almatyda-qurban-ait-kezinde-qurbandyq-salatyn-oryndar-anyqtaldy

❤️
❤
👍
6