Informburo.kz
Informburo.kz
June 10, 2025 at 04:31 AM
*Астанада қос аяғынан айырылған Алуаның отбасына 4 бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды* Тұрғын үйдің құрылысы қазан айында бітеді. Астанада автобус апаты кезінде екі аяғынан айырылған Алуаның анасына 4 бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды. Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады.  "Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі жеке демеушімен бірлесіп, отбасыға елордадағы жаңа тұрғын үй кешенінен төрт бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады. Тұрғын үй кешені биыл қазан айында пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, құрылыс компаниясы пәтерді жөндеу және жабдықтау жұмысына да көмек көрсететін болады. Осыған дейін зардап шеккен отбасыға көрсетілетін өзге де қолдау шаралары туралы хабарланған болатын", – делінген ресми хабарламада. 📌https://informburo.kz/kaz/newskaz/astanada-qos-aiagynan-aiyrylgan-aluanyn-otbasyna-4-bolmeli-paterdin-sertifikaty-tabystaldy
Image from Informburo.kz: *Астанада қос аяғынан айырылған Алуаның отбасына 4 бөлмелі пәтердің се...
👍 ❤️ 😂 😢 6

Comments