Informburo.kz
Informburo.kz
June 10, 2025 at 11:46 AM
*Тоқаев ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Элина Валтоненді қабылдады* Элина Валтонен ЕҚЫҰ Қазақстанмен және Орталық Азиямен байланысты дамытуға баса мән беретініне тоқталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Элина Валтоненді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымды аймақтық және жаһандық қауіпсіздік саласындағы күрделі кезеңде басқарып отырған Элина Валтоненнің қызметіне қолдау білдірді. _"Биыл біз Хельсинки қорытынды актісінің 50 жылдығын атап өтеміз. Жарты ғасыр өтсе де бұл құжат егемендік, аумақтық тұтастық және адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарын бекіте отырып, еуропалық қауіпсіздіктің негізі болып қала бермек. Қазақстан осы құндылықтарды берік ұстанады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев._ https://informburo.kz/kaz/newskaz/toqaev-eqyu-nyn-is-basyndagy-toragasy-elina-valtonendi-qabyldady
Image from Informburo.kz: *Тоқаев ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Элина Валтоненді қабылдады*  Эл...
❤️ 👍 🇵🇸 5

Comments