Informburo.kz
Informburo.kz
June 12, 2025 at 09:29 AM
*📢 Үндістанда Air India ұшағы құлады* 🚨 Бүгін таңертең Үндістанның Гуджарат штатындағы Ахмадабад әуежайы маңында Air India әуе компаниясының Boeing 787-8 Dreamliner ұшағы апатқа ұшырады. ✈️ Ұшақ Лондонға бағыт алған. Бортта 230 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған. 🔥 Апат орнына жедел қызметтер, соның ішінде 7 өрт сөндіру көлігі тартылды. 🗞 India Today және News18 басылымдарының мәліметінше, апат әуеге көтерілгеннен кейін болған. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр, әзірге зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ. 💬 Үнді үкіметі төтенше жағдай режимін жариялап, барлық тиісті құрылымдар жұмылдырылды. 📌https://informburo.kz/kaz/newskaz/undistanda-250-ge-zuyq-zolausy-otyrgan-usaq-qulady 📷 depositphotos.com
Image from Informburo.kz: *📢 Үндістанда Air India ұшағы құлады*  🚨 Бүгін таңертең Үндістанның ...
😢 😮 4

Comments