
Informburo.kz
June 12, 2025 at 11:18 AM
*👩👧👦 Павлодарда анасы екі баласын 2 күнге қараусыз қалдырды — жауапқа тартылды*
Павлодар облысында 9 және 11 жастағы балаларын үйде қараусыз қалдырған әйел жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады полиция.
🗣 Көршісі балалардың екінші күн қатарынан жалғыз отырғанын байқап, полицияға хабар берген.
🔹 Тексеріс барысында балалардың пәтерде жалғыз қалғаны расталды
🔹 Анасы бұл уақытта таныстарымен бірге еңбек демалысын “тойлап” жүрген
🔹 Ол мас күйде болғаны да анықталды
🔹 Балалар арнайы орталыққа уақытша орналастырылды, жағдайлары мамандардың бақылауында
❗ Анасы ата-аналық міндетін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
📌https://informburo.kz/kaz/newskaz/enbek-demalysyn-toilagan-pavlodar-oblysynda-balalaryn-2-kun-qarausyz-qaldyrgan-ana-zazalandy

😢
👍
😡
😮
😱
7