Informburo.kz
June 13, 2025 at 04:30 AM
*💳 Қызылордада рұқсатсыз несие рәсімдеген әйелге шағым түсті*
Бірнеше тұрғын өз атына 20 млн теңгеге несие рәсімделгенін айтып, полицияға жүгінді.
Зардап шеккендердің сөзінше, 32 жастағы әйел төмен пайызбен несие алып берем деп сенімге кіріп, жеке деректерін жинап алған. Кейін бұл мәліметтер арқылы 8 банктен несие рәсімдеп, ақшаны иемденіп, жоғалып кеткен.
Қазір бұл факт бойынша тергеу жүріп жатыр.
📌https://informburo.kz/kaz/newskaz/qyzylordada-turgyndar-oz-atyna-ruqsatsyz-nesie-rasimdegen-aieldin-ustinen-sagymdandy
😡
🥵
2