Qostanai_tany
Qostanai_tany
June 15, 2025 at 07:38 AM
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен қоғамдық кеңес отырысында Қостанай қаласындағы бірнеше көше атауын өзгерту және саябаққа атау беру мәселесі қаралды. 2023 жылы бұл ұсыныстарға қатысты қоғамдық тыңдау өткен. Онда: • Уральская көшесін – Шақшақ Жәнібек батыр, • Дзержинский көшесін – Сағадат Нұрмағанбетов, • Железнодорожная көшесін – Бертран Рубинштейн атына ауыстыру, • Гашек көшесі бойындағы саябаққа «Ұлы дала» атауын беру ұсынылған еді. Ұсыныстарды сол жылы қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдағанымен, іске аспай қалды. Себебі 2023 жылы Ұлттық құрылтайда Президент тапсырмасына сәйкес ономастикаға мораторий жарияланған. Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Мэлс Абдрахмановтың айтуынша, ұсыныстар республикалық комиссиядан 2025 жылдың сәуірінде қолдау тауып, қажетті келісімдерден кейін облыстық мәслихат қарауына жіберілген. Депутаттар шешім жобасын қолдап, сессияға жолдады. Жаңа атаулар биыл Жеңістің 80 жылдығына орай батырлар есімін ұлықтау мақсатында берілмек.

Comments