
Qostanai_tany
June 16, 2025 at 03:46 AM
Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, драматург Жұмаш Сомжүректің «Тілеп -Сарықыз» драмасы көрерменге жол тартты. Қойылым меценат Сапар Ысқақовтың демеушілігімен халыққа тегін ұсынылды. «Тілеп — Сарықыз» поэмасы бұдан екі ғасыр бұрын өмір сүрген, атақты қобызшы бақсылар туралы сыр шертеді. Тілеп бүкіл қазақ даласында аты кеңінен жайылған Қойлыбай бақсының шәкірті болып, одан қобыз тарту өнерін де, бақсылықтың тылсым сырларын да үйреніп, меңгеріп алады.Қойлыбайдың қызы Бүлдіршін де Тілеппен бірге әкесінен қобыз үйренеді. Екі жастың арасындағы шәкірттік сыйластық кейін махаббатқа ұласады.М.Қапышев атындағы халық театрының ұжымы қойылымды асқан шеберлікпен жоғары деңгейде сахналанды. Әртістер өз кейіпкерлерінің болмысын мейлінше дәл тауып, шынайылығымен көрермен көңіліне жол тапты.Спектаклді аудан әкімі Қанат Кеделбаевтың өзі бас болып тамашалап, сахнагерлерге алғысын білдірді.
«Бүгінгі қойылым біздің мәдениетіміздің байлығын көрсетіп, жастарға үлгі болады», – деді аудан әкімі.
«Тілеп — Сарықыз» драмасыалдағы уақытта облысымыздың өзге өңірлеріне де жол тартпақ.
Мұрат Жүнісұлы
Аманкелді ауданы