Qostanai_tany
Qostanai_tany
June 16, 2025 at 06:05 AM
Power Central Asia + China: Стратегиялық жобалар мен жасыл энергетикаға жол Астанада Power Central Asia + China алғашқы өңірлік энергетикалық форумы басталды. ҚР Энергетика министрлігі мен АСИИР ұйымдастырған форум аясында Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты нығайту, энергетика, өнеркәсіп және жоғары технологиялар салаларындағы ірі жобаларды іске асыру көзделген. Форумда Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту, Ақтөбе облысында карбамид зауытын салу, күн электр станцияларын және сутегі энергетикасын дамыту секілді жобалар таныстырылды. Сондай-ақ China Construction Bank инфрақұрылымға 1 млрд доллар несие ұсынбақ. Қытайлық PowerChina, Huawei және Longi компаниялары Қазақстанда технологияларды жергіліктендіру және R&D орталықтарын ашу жоспарын мәлімдеді. Форум нәтижесінде энергетикалық қауіпсіздікті арттыратын және жасыл экономиканы ілгерілететін келісімдерге қол қойылды.

Comments