Qostanai_tany
Qostanai_tany
June 17, 2025 at 05:16 AM
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай-Қарабұтақ бағытындағы республикалық маңызы бар автожолдың құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл жобаның жүзеге асырылуы облыс аумағында маңызды әрі стратегиялық мақсаттарды көздейді. «АБЗ плюс» серіктестігі директорының орынбасары Валентин Шыляевтің айтуынша, қазіргі таңда KAZ-19 «Қарабұтақ — Комсомоль — Рудный — Қостанай» автожолының Қостанайдан Рудныйға дейінгі бөлігінде сыртқы жарықтандыру орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әзірге «ЭПК-Forfait» компаниясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жарықтандыру үшін қажетті материалдар сатып алу жұмыстарына 70,5 млн теңге көлемінде қаражат қарастырылған. «Жақын арада жарық бағаналарын сатып алу бойынша конкурс рәсімдері өтетін болады. Ал тамыз айында осы бағыттағы жұмыстар толық аяқталып, автожолдың асфальт жабындысының қалыңдығы 5 см болатын жаңа қабаты төселеді», — деді ол. Сонымен қатар, «АБЗ плюс» ЖШС өкілі «Әулиекөл, Ұзынкөл және басқа да ДЭУ аумақтарында ангар салу бойынша барлық конкурс рәсімдері аяқталғанын айтты. «Бүгінгі таңда 123,8 млн теңгеге шартқа отырған «Энергия» компаниясы жұмысты бастады. Қазіргі біз суық ангар құрылысы және ДЭУ жабдықтарын орнату жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», — деп атап өтті. Облыс бойынша тағы бір маңызды құрылыс жобасы — «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолында қоршау орнату жұмыстары. Әулиекөл жолы бойында ұзындығы 4 шақырым болатын қоршау орнату жұмыстарына «Спектр» және «КАЖсервис» компанияларының кірісті. Сонымен бірге, 39 037 дана қоршау және 2469 дана С58 тіреуі жеткізіліп, құрылыс жұмыстары жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Comments