Qostanai_tany
Qostanai_tany
June 18, 2025 at 10:15 AM
Елімізде заңсыз иемденілген активтерді қайтару жұмыстары жалғасуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бұл қаражат әлеуметтік маңызды инфрақұрылым құрылысына бағытталуда. 318 млрд теңге көлеміндегі 406 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде: • 9 – білім беру нысаны, • 3 – спорт нысаны, • 162 – денсаулық сақтау, • 159 – сумен жабдықтау жобасы. Басты жобалар: • Астана: Қ.Мұңайтпасов атындағы жаңа стадион салынып жатыр (UEFA стандарты бойынша). • Алматы: 9 сумен жабдықтау жобасы жүзеге асуда. • Шымкент: Сайрам көмекші мектеп-интернатына 300 орындық жатақхана. • ШҚО: Гематология орталығының құрылысы (148 орындық стационар және 24 орындық клиникалық қонақүй). • СҚО: Соколов, Булаев, Преснов және Көкшетау топтық су құбырлары жаңартылып жатыр. • Қарағанды: 7 ауданда 51 денсаулық сақтау нысаны (амбулаториялар, ФАП). • Ақмола: 38 жоба іске асуда. Аршалы мен Бұланды аудандарында жаңа медмекемелер ашылды. Қайтарылған активтер халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жұмсалуда.

Comments