
Azattyq – Азаттық
June 10, 2025 at 04:51 AM
🇺🇸 АҚШ президенті Дональд Трамп Калифорния штатының губернаторы, демократ Гэвин Ньюсомды тұтқындауды қолдайтынын мәлімдеді. Ақ үй басшысының дүйсенбі күні айтқан бұл сөзі Лос-Анджелестегі заңсыз иммигранттарды анықтау рейдтеріне қарсы наразылықтар өтіп жатқан шақта екі саясаткердің арасындағы шиеленісті одан әрі күшейтті.
Президент пен губернатор арасындағы жағдай Ньюсом Оңтүстік Калифорнияға Ұлттық гвардияны өзінің келісімінсіз орналастырғаны үшін федералды билікті сотқа беретінін мәлімдегеннен кейін ушықты. Ньюсом Трамптың әрекетін заңсыз деп атап, оны "жанжалды тұтатты" деп айыптады. Федералды заңға сәйкес, президент Ұлттық гвардияны елге басқыншылық жасалғанда, бүлік шыққанда немесе заңды орындауға жергілікті құқық қорғау органдарының қауқары жетпеген жағдайда ғана қолдана алады.
Толығырақ: https://smarturl.click/xVdVY
👍
😂
🇺🇸
❤️
😮
☑
☑️
❤
🌽
🐢
31