Azattyq – Азаттық
                                
                                    
                                        
                                    
                                
                            
                            
                    
                                
                                
                                June 10, 2025 at 01:07 PM
                               
                            
                        
                            🇺🇦🇷🇺 9 маусымда Ресей мен Украина 25 жасқа дейінгі әскери тұтқындарды алмасудың алғашқы кезеңін өткізді. Бұл жөніндегі келісім 2 маусымда Стамбұлда өткен екі елдің делегацияларының келіссөзінде жасалған. Екі тарап бір-біріне ауыр халдегі әскери тұтқындарды да қайтарып берді. Олар "бірге-бір" әдісімен тұтқын алмасқанын хабарлағанымен, нақты қанша адам екенін айтпады. 
Ресей де, Украина да бұл – тұтқын алмасудың алғашқы кезеңі екенін ерекше атап, тұтқын алмасу алдағы күндері де жалғасатынын айтып отыр.
Толығырақ: https://smarturl.click/oVljD
                        
                    
                    
                    
                    
                    
                                    
                                        
                                            ❤️
                                        
                                    
                                        
                                            ❤
                                        
                                    
                                        
                                            🇵🇼
                                        
                                    
                                        
                                            🐺
                                        
                                    
                                        
                                            👍
                                        
                                    
                                        
                                            😮
                                        
                                    
                                        
                                            🙏
                                        
                                    
                                        
                                            🥰
                                        
                                    
                                    
                                        11