
Azattyq – Азаттық
June 10, 2025 at 01:13 PM
❗ НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте альянсқа мүше елдерді қорғаныс әлеуетін түбегейлі арттыруға, соның ішінде НАТО-ның әуе және зымыранға қарсы қорғаныс қабілетін 400 пайыз ұлғайтуға үндеді. Бұл – Ресей тарапынан төнетін қауіп-қатерлерге тиімді қарсы тұру үшін қажет деп санайды ол.
> "Біз Ресейдің Украинада әуеден террор сеуіп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан біз аспанымызды қорғайтын қалқанымызды күшейтеміз",
– деп мәлімдеді НАТО бас хатшысы.
Рюттенің пікірінше, Ресей әскери қуатын белсенді түрде арттырып жатыр және енді бес жыл ішінде НАТО-ға қарсы қарулы күш қолдануға дайын болуы мүмкін. Рютте егер НАТО елдері қорғанысқа ЖІӨ-нің 5 пайызын бөлуді қамтамасыз ете алмаса, оның салдары ауыр болуы мүмкін екенін ескертті.
Толығырақ: https://smarturl.click/xVddY
👍
😮
🇰🇿
🇵🇼
🤣
13