
Azattyq – Азаттық
June 10, 2025 at 01:24 PM
🔴 Өзбекстан үкіметі Мәскеуде жүргізілген рейд кезінде шетелдіктерге – олардың арасында Өзбекстан азаматтары да болуы мүмкін – күш қолданылғаны туралы хабарламаларға байланысты мәлімдеме жасады.
> "Ресей Федерациясы үкіметінің және ірі жұмыс берушілердің жыл сайын Өзбекстан азаматтарын ұйымдасқан түрде жұмысқа тартуға қызығушылығы артып отырған шақта, құқық қорғау органдарының кейбір өкілдерінің шетел азаматтарына дөрекілік танытуы қынжылыс пен алаңдаушылық тудырады",
– деген Өзбекстан Көші-қон агенттігі мәлімдемесінде.
Осының қарсаңында әлеуметтік желілерде ресейлік күштік құрылым өкілдерінің әлдебір ғимаратқа баса-көктей кіріп, мигранттарды ұрып-соққаны түсірілген видео тараған. Онда арнайы жасақтың кейбір сарбаздары Ресейге Орталық Азия елдерінен барған жұмысшыларға нәсілдік тұрғыдан кемсітіп, қорлайтын сөздер айтқаны көрсетілген.
Толығырақ: https://smarturl.click/0Bppm
👍
🇵🇼
❣
❤️
🇰🇿
🌎
😂
😢
🤣
19