
Azattyq – Азаттық
June 10, 2025 at 01:33 PM
🇰🇬 Қырғызстанда парламент пен президент сайлау туралы конституциялық заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, бұдан былай елде 30 көпмандатты аумақтық сайлау округі құрылып, олардың әрбірінен Жогорку Кеңешке 3 депутат сайланады. Саяси партиялар әр округтен депутаттыққа бір кандидаттан ұсына алады, сондай-ақ өзін-өзі ұсынатындар да сайлауға үміткер ретінде қатысуға құқылы.
Бұған қоса, егер сайланған депутат өз өкілеттігінен айырылса, онда қайта сайлау өткізілмейді – бос мандат осы округте өткен сайлау кезінде жаңағы депутаттан кейін ең көп дауыс алған келесі кандидатқа беріледі.
Заңда сайлау өткізу кезінде қашықтан, электронды дауыс беру мүмкіндігі де қарастырылған. Ал парламенттегі орындардың кемінде 30 пайызын әйелдер иеленеді.
Толығырақ: https://smarturl.click/VRvvn
😮
🇰🇿
🇵🇼
🌎
🐺
💸
🤷♂️
8